Әнұран орындаудан бас тартқан ирандық футболшылардың құжаттары тәркіленді

Аустралияда өткен футболдан Азия кубогына қатысқан Иран әйелдер құрамасының құжаттары мен телефондары тәркіленгені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
The Athletic басылымының хабарлауынша, Иран билігі футболшылардың елден қашып кетпеуі үшін алдын ала сақтық шараларын жасаған.
Яғни спортшылардың жеке құжаттары мен телефондарын жинап алған. Бұған қоса футболшылардың ұялы телефондары арнайы тыңдалғаны туралы да ақпарат тарады.
Кейбір басылымдардың мәліметінше, спортшылар елден шығар алдында отбасы мүшелері мен орналасқан жерлері туралы толық мәлімет беруге міндеттелген. Сондай-ақ футболшылардан кепілдік ретінде ірі көлемде қаржы талап етілген.
Айта кетейік, Иран әйелдер құрамасы Азия кубогында Оңтүстік Кореяға қарсы матч алдында мемлекеттік әнұранды орындаудан бас тартқан еді. Мұны Иран билігі "сатқындық" деп бағалап, айып тақты. Ал спортшылардың өзі бұл әрекеттерінің нақты себебін түсіндірмеді.
Иран әлем чемпионатына қатысудан бас тартты
Футбол матчында Иранның әйелдер құрамасы әнұран айтудан бас тартты
Осы жағдайдан кейін Азия кубогында жеңіліс тапқан Иран әйелдер құрамасына Аустралия гуманитарлық виза берді. Бұл туралы елдің иммиграция министрі Tony Burke мәлімдеді. Сондай-ақ ол футболшылардың қауіпсіз жерге көшірілгенін атап өтті.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған