Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Антикор туризм саласы мен Kazakh Tourism ұлттық компаниясына тексеріс жүргізеді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туризм саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: adrenalinicsilence.kz

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық департаменттері туризм саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуді бастады. 



Агенттік мәліметінше, талдау Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының, "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы" АҚ мен жергілікті атқарушы органдардың қызметін қамтиды.

"Ұлттық туристік өнімді қалыптастыру және оны халықаралық және ішкі нарықта ілгерілету, туристік қызмет саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, бюджетті жоспарлау және игеру, туристік саланы субсидиялау және бюджеттік кредиттеу мәселелерін зерделеу жоспарланып отыр", – делінген хабарламада.  

Тексеру жұмыстарына агенттік қызметкерлерінен басқа, талдауға мүдделі мемлекеттік органдардың сарапшылары мен азаматтық қоғам өкілдері тартылады.

Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бірнеше жалған спортшылардың спорттық атақтарынан айырылғанын мәлімдеген еді. 

Талқылау