Антикор құрылысы ұзаққа созылған әлеуметтік нысандарды бақылауға алды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі құрылысы айтарлықтай ұзаққа созылған әлеуметтік нысандарды сүйемелдеу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Сүйемелдеу нәтижелеріне сәйкес, агенттіктің аумақтық департаменттері 44 проблемалық нысанның құрылысын аяқталды. Олардың ішінде:
- Сумен қамтамасыз ету объектілері,
- Мамандандырылған ХҚКО,
- Дене шынықтыру-сауықтыру кешендері,
- Мектептер,
- Медициналық объектілер,
- Тұрғын үйлер,
- Жолдарды жөндеу,
- Көпір салу,
- Бөгет гидроторабы,
- Қазандықты реконструкциялау.
Атап айтқанда, Астана қаласында, Ақтөбе, БҚО-да 10, Қызылорда және Түркістан облыстарында 4 мектеп.
“Ауылдық жерлерді сумен қамтамасыз ету проблемаларын назарға ала отырып, сүйемелдеу шеңберінде 14 ауылда, оның ішінде Павлодар облысында 4, ШҚО-да 3, Жамбыл облысында 3, Қостанай облысында 3 және БҚО-да 1 су құбырларының құрылысы аяқталды. Олардың құрылысы бір жылдан үш жылға дейін созылған”, – делінген хабарламада.
Агенттіктің бастамасымен ұзақ құрылыстардың шешімін таппаған мәселелері өңірлердің әкімдері жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың 26 отырысында және Қоғамдық кеңестердің 25 отырысында қаралды.
Жымқыруға жол бермеу мақсатында алдын алу шараларының кешені, оның ішінде ақпараттық хаттар, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиялар, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасы шеңберінде қоғамдық мониторингтер қолданылады. Мысалы, Шымкент қаласында ақпараттық хат енгізу арқылы Қонаев даңғылының құрылысы аясында 700 метрге жуық артық тірек қабырғаларын орнатуға бағыттау жоспарланған 3,2 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік туды, жұмыстар алынып тасталды.
“Шымкент қаласында ұзақ құрылыстарды сүйемелдеу шеңберінде "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заңға сәйкес құрылыстың кепілдік мерзімдерін айқындау бойынша екіұшты практика белгіленді. Кепілдік мерзімі кемінде – 2 жыл. Бұл ретте Азаматтық кодекс бойынша, егер шартта өзгеше көзделмесе, кепілдік мерзімі 10 жылға тең. Кепілдік мерзіміне нақты талаптың болмауы жемқорлық тәуекелдерін тудырады, өйткені тапсырыс беруші мердігермен алдын ала уағдаластық бойынша кепілдіктің қысқа мерзімін белгілей алады”, – деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі.
Осыған байланысты, Шымкент қаласының Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және инфрақұрылым басқармаларының бұйрықтарымен құрылыстың кепілдік мерзімінің тиісті талаптарын техникалық ерекшеліктер мен мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттарда кемінде 7 жыл көрсету міндеттілігі бекітілді.
Осыған ұқсас жұмысты агенттіктің басқа да аумақтық департаменттері жүргізеді. Бұл жұмыс нәтиже берсе, сапаны қосымша бақылау күшейіп, кепілдік мерзімі кезеңінде жөндеу бюджетінің шығындарын азаяды.
Қазір агенттіктің бастамасымен Құрылыс кодексінің жобасына ең төменгі кепілдік мерзімін кемінде 5 жыл, қазіргі кезде 2 жылды белгілеу туралы нормалар енгізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі 125 нысанның құрылыс жұмыстарына қатысады.