Антикор Кәрім Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласына іздеу жариялады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Кәрім Мәсімовтың экс-күйеу баласы Азамат Кәпеновке 9 тамыздан бастап іздеу салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Кәрім Мәсімовтың экс-күйеу баласы Азамат Кәпеновке 9 тамыздан бастап іздеу салды. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталының мәліметінше, іздестіру жұмыстарын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жүргізеді.
Іздеу "БИПЭК-Авто" ісіне қатысты болуы мүмкін.
Айта кетейік, Азамат Кәпенов – "Қазтеміртранс"АҚ операция және логистика жөніндегі бұрынғы вице-президенті. Ол ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің қызы Тамилла Кәрімнің бұрынғы күйеуі.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты