Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Антикор Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысына қатысты іс қозғады

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаеваның тергеуге алынғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ведомство тергеудің жүріп жатқанын растады. 

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын растаймыз. Тергеу шаралары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер таратуға жатпайды", - делінген хабарламада.

46 жастағы Әлия Қожабаева Көкшетау қаласында дүниеге келген. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін, Қарағанды ​​"Фемида" заң академиясынан білім алып, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы – сот отырысының хатшысы ретінде бастаған. 

2013-2020 жылдары Астана қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, әлеуметтік даму басқармасы және қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. Ал 2020 жылдың ақпан айынан бастап Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған.

Талқылау