Әнші Санда тұрмыста болғанын мойындады
Белгілі отандық әнші Санда жеке өміріне қатысты ел күтпеген мәлімдеме жасады. Ол бұрын тұрмысқа шығып, ажырасқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Санда Instagram-дағы парақшасында өзі туралы деректер келтірді.
Санда сахнада жүргеніне бірнеше жыл болса да, басқа саланың маманы, атап айтқанда экономист екенін мойындады. Бұдан өзге, мектепте “үштік” баға алғанын, сондай-ақ, 3-сыныпта оқып жүргенде дәретханаға жете алмай “бүлдіріп” қойғанын ашық айтты.
Бұдан өзге, Санда бір рет тұрмыста болғанын мәлімдеді. Алайда ажырасуына не себеп болғанын айтпады. Ол алғашқы некеден бала сүймегенін атап өтті.
Тағы оқыңыз:
Ерке Есмаханның комедиясы не туралы
Екеуі мені жеп қояды: Қайрат Нұртас анасы мен жұбайының қарым-қатынасы жайлы айтты
Асхат Тарғынның келіншегі: Қызғануға уақытым жоқ
Аша Матай атышулы Замира жайлы: Оның шынайы өмірдегі болмысы сондай
Талқылау