Әнші Qarakesek-ке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Фото: https://www.instagram.com/qarakesek_west06/
Полиция танымал рэпер Qarakesek-ке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ІІМ мәліметінше, Qarakesek лақап атымен танылған әнші Омар Амантаевты Ақтөбеде ұстағаннан кейін әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оны көлікті мас күйінде басқарғаны үшін кінәлі деп таныды.
Амантаев 15 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ ол 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
"Есірткі сақтау фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігі "Есірткі және психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз иемдену" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.
-
"Аппағым" әні есірткі жайлы": Белгілі заңгер Qаrakesek-тің әндерін тыңдамауға шақырды
-
Бостандыққа шыққан рэп орындаушы Қаракесекті концертке кіргізбей қойды
Егер музыкант есірткіні заңсыз сақтады деп танылса, оған 160 АЕК-ке дейінгі айыппұл (2025 жылы – 629 120 теңге) не 160 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар, не 40 тәулікке дейінгі жаңа қамау жазасы тағайындалуы мүмкін.
Бұған дейін рэперге тек әкімшілік қамау жазасы ғана тағайындалған еді. Ал есірткі сақтағаны үшін қылмыстық іс қозғалғаны жайлы полиция таратпаған еді.
Еске салайық, 4 қыркүйекте Ақтөбе қаласында 31 жастағы рэп-орындаушы есірткіге масаң күйінде көлік жүргізіп отырған жерінен ұсталған еді.

Қазақстанда жеңілдетілген салық төлейтін кәсіптер тізімі өзгереді: Жеңілдіктен кімдер қағылды және не қымбаттайды
