Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Меруерт Түсіпбаеваның әкесі дүниеден озды

Меруерт Түсіпбаева әкесі дүниеден оздыФото: https://www.instagram.com/meruert_tusupbaeva

Танымал әнші, ҚР еңбек сіңіргер қайраткері Меруерт Түсіпбаеваның әкесі бақилық болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаралы хабарды өнер иесінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Өнер иесінің әкесі баян мен домбыра аспаптарын шебер меңгерген әуесқой әнші болған.

“Әкем фәни жалғаннан озды… Әдетте, 88 жас деген – той ғой деп жұбатады жақындар, осы сөздермен іштей келісіп, шүкір еткенімізбен, мәңгілікке қоштасу неткен қиын… Әкем мені, төрт қызының ішінен бөліп, ерекше жақсы көрді…
Балғабай Тусупбаев Баянауыл өңірінің мәдениеті мен өнерінің дамуы жолында аянбай еңбек еткен, баян мен домбыра аспаптарын шебер меңгерген әуесқой әнші еді. Баян өңіріне есімі кеңінен таныс , өнерлі жан болатын. Рухыңыз пейіште шалқысын, әке”, – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Меруерт Түсіпбаева Талғардағы қанды оқиғаға полиция қызметкерлерін айыптағаны хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Жұма, 21 Қараша, 2025 09:46
Талқылау