Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Луинаға Қырғыз Республикасының мәдениет үздігі атағы берілді

ҚырғызстанФото: https://www.instagram.com/luinaofficial?

Танымал қазақстандық әнші Луина Қырғызстанның мемлекеттік сыйлығына ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі жағымды жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Әншінің айтуынша, ол Қырғызстанның астанасы Бішкекке ұлы ақын Жуммамудун Шералиевтің 110 жылдығына арналған концертте өнер көрсетуге барған. Концерт барысында әншіге Қырғыз Республикасының мәдениет үздігі атағы табысталған.

“Бүгін мен үшін ерекше, жүрекке жылы сәт болды. Ұлы ақын Жуммамудун Шералиевтің 110 жылдығына арналған концертте өнер көрсету бақыты бұйырды. Ол – қырғыз мәдениетінің тынысына айналған, халқының үнін, рухын, уақыттың өзін жырларына сыйғыза білген дара тұлға.
Бұл мен үшін жай ғана сахна емес еді. Бұл – терең құрметтің, шынайы ризашылық пен махаббаттың сәті болды. Мен әрдайым Қырғызстанды ерекше жақсы көремін деп айтып жүремін.т Бірақ ең бастысы – адамдарын сүйемін. Осындай ақжарқын, шынайы, кең пейілді халықты. Мұнда менің көптеген досым, әріптестерім, рухтас жақындарым бар. Олар маған үнемі шабыт сыйлап, жүрегіме жылу береді.
Бүгін маған Қырғыз Республикасының мәдениет үздігі атағы табысталды.
Бұл мен үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Өнер иесі ретінде де, осы жерді шын жүректен сүйетін адам ретінде де мен үшін бұл ерекше қуаныш. Сонымен қатар Жуммамудун Шералиевтің отбаыс мен қорының атынан оның қыздары арнайы медаль табыс етті. Бұл сәт менің есімде ұзақ сақталады. 
Кейбір әндерді дәл осында – осы елдің сахнасында, осы халық үшін орындау керек екеніне бүгін тағы бір мәрте көзім жетті”, – деп жазды өнер иесі.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-та тұратын композитор Марат Омаров әнші Луинаның үстінен полицияға арыз жазғаны хабарланған болатын. 

“Ешқандай рұқсат сұраған жоқ. Біріншіден, келісімшарт болуы керек. Екіншіден, рұқсатсыз аранжировка жасаған. Одан кейін бейнебаян түсірген. Ең сорақысы мені біле тұра, авторын Нұрлан Өнербаев деп көрсеткен. Бұл іске жауап берілуі керек. Жазба түрінде келісімшарт жасалды ма?! Әріқарай істі адвокаттар жалғастырады”, – деді Марат Омаров “КТК” арнасынаберген сұхбатында. 

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 10 Қараша, 2025 15:29
Талқылау