Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Луина: Адамгершілігім бір басыма жетіп артылады

Шоу-бизнестегі ең даулы әншілердің бірі Луина өзін адамгершілігі жоғары әрі сұлу жандардың қатарына жатқызатынын мәлімдеді. Әдетте жартылай жалаңаш күйде түскен суреттерін жүктеумен шектелетін әнші бұл жолы желідегі оқырмандарына жан айқайын жеткізді.

луина 08082017

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Мен жалқаумын, бірақ жеткілікті дәрежеде жұмыс істеймін. Қырсық мінезім де бар, бірақ адамгершілігім бір басыма жетеді. Өтірікті жек көремін. «Бәрібір ертең өлеміз ғой» деп кешіре алмаймын. Омырауым кішкентай, бірақ өте әдемі және оны жарты сағатта жасаймын. Мен өлең жаза аламын, бірақ автор емеспін, сазгер де емеспін. Ересек адаммын, бірақ бір жағынан әлі баламын. Барым осы! Осы күйімде жақсы көретін адамдар бар», – деп жазды әнші.

Бұл ретте желідегілер әншінің жазбасына сан түрлі пікірлерін білдіріп жатыр. Олардың бір тобы Луинаның сөзіне қосылатындарын жеткізді.

“Әдемі айтыпсыз”, “Тағы бір нәрсені ұмыттыңыз, сіз әділсіз әрі өзіңізге өзіңіз сын көзбен қарайсыз”, “Мына сөздеріңіз Алла Пугачеваның әніндегі мәтінге ұқсайды екен”, – деп жазды олар.

Жіберіп алмаңыз:

Танымал дизайнермен дауласқан Түсіпбаева енді оның киімін алғанын айтып мақтанды (видео)

“Жігіттер” тобындағы Айдар Құдайдан бала тілеп, 4 рет қажылыққа барған

Америкалық актер сириялық балаларға 2 млн доллар садақа бермек

“Қолаң” шашымен мақтанған Есболат Беделхан жұрттың жағасын ұстатты (видео)

Талқылау