Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Димаш Құдайберген ақын Мұхтар Шахановпен кездесті

Димаш Мұхтар Шахановқа көңіл айттыФото: https://www.facebook.com/berik.agybaev/

Әнші Димаш Құдайберген ақын Мұхтар Шахановтың үйіне арнайы барып, ұлы  Қуаныш Мұхтарұлының мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы қоғам белсендісі Берік Ағыбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, Димаш Құдайбергеннің әрекетін көрегенділікке теңеді.

“Бүгін халықтың аяулы ұлы, Қазақстанның Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген белгілі ақын, Еңбек Ері, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың ұлының қазасына байланысты арнайы келіп, көңіл айтуын жеткізді. Қайғысына ортақтасып, жүрегіне жазылмас жара салған бұл ауыр күнде ағамыздың шаңырағында құран бағыштағанының өзі бір көрегенділік”, – деп жазды ол.

Димаш Құдайберген Мұхтар Шахановқа көңіл айттыАйта кетейік, бұған дейін Мұхтар Шахановтың ұлы дүниеден озғаны хабарланған еді. Ал 2021 жылы Мұхтар Шахановтың тағы бір ұлы Рауан Шаханов өмірден өтті.

Еске салайық, Димаш Испаниядағы концертінде жанкүйерінің арманын орындағанын жазған едік.

Балнұр Жұмаділла
Жұма, 21 Қараша, 2025 14:55
Талқылау