Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Әдемі итальяндық жігітін тастап, түркиялық кәсіпкермен көңіл қосты

Әлемге танымал итальяндық әнші Вальтер Риччи мен қазақстандық әнші Әдемінің тойы болмайтын болды, деп хабарлады «Время» басылымы.

Адеми 120617

Маусымның басында Түркияға сапарлаған әнші Әдеміге түрік азаматы жүрегін ұсынды. Ал Әдемі еш ойланбастан итальяндық жігітін түркиялық кәсіпкерге ауыстырды.

«Бұл жолы расында да жүрегім дір етті. Ол мені ер азамат ретінде баурап алды. Ол қарапайым да мейірімді әрі қамқор жігіт болып шықты. Мен әркез ер адамнан осыны күттім. Яғни маған тастай қамқор әрі берік болатын адамды күттім. Ол маған «барлық жауапкершілікті өз мойныма аламын. Сенің өмір сүру үшін ақша тапқаныңды, көп жұмыс істегеніңді қаламаймын. Тек қалағаныңша шығармашылықпен айналыс», – деді. Ал Вальтер әлі ер дам ретінде жетілген жоқ. Менің жанымда ол кішкентай бала сияқты еді. Одан үнемі: «Тамағыңды іштің бе? Жағдайың жақсы ма?» деп сұрап отыру керек”, – деп ағынан жарылды Әдемі.

Бұдан бөлек, Әдемі итальяндық жігітінің қызуқанды әрі өте қызғаншақ екенін айтып өтті.

Бұл жолы қазақстандық әнші расымен де ғашық болып қалған ұқсайды. Ол күйеужігітінің аты-жөнін атап, оның қызметі туралы айтып берді. Тіпті, суретін көрсетті. Алайда соңғы сәтте ол туралы ақпаратты таратпауды өтінді.

Десе де Әдемінің таңдаған жігітің кәсіпкерлікпен айналысатыны белгілі болды. 40 жастағы азамат бұған дейін некеде болған.

Қос ғашық Түркияның Белек қаласында танысқан. Бассейннің қасында отырған Динаны (әншінің шын есімі) көрген кезде түрік азаматы оның әнші екенін білмеген. Тек оның сұлулығына қайран қалып, ғашық болып қалған.

Небәрі бірнеше күннен кейін ол Әдеміге жүрегін ұсынған. Ал итальяндық әнші Валтер Риччимен қарым-қатынасын Әдемі ғаламтор арқылы үзген.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева бұрынғы күйеуіне махаббатсыз тұрмысқа шыққанын мойындады (видео)

Гүлзира Айдарбекова “Қайрат фонограммамен айтады” деп сынайтындарға жауап берді

Жаңа бейнебаян: Қайрат Нұртас сүйіктісінің көзіне шөп салды (видео)

Нұрқаділова отбасылы сүйіктісі мен МақпалЖүнісоваға қатысты айыптауларға жауап берді

Талқылау