Әнші Әдемі адал махаббатты аңсап жүр (видео)
Әнші өзіне ерекше әсер еткен “Махаббат үшін өмір сүру” фильмінің үзіндісін бөлісті. Аталған видеода қос ғашықтың басынан өткерген түрлі қиындықтары көрініс тапқан. Видеоны көрген желі қолданушылары Әдемі сүйіктісін сағынып жүр деп болжады. Десе де, әншінің өзі мұны жоққа шығарып отыр.
Фото: instagram.com/ademi_official/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әдемі өзіне ерекше әсер қалдырған видеоны бөлісті. Бұл видео – әйгілі үндістандық “Махаббат үшін өмір сүру” атты фильмінің екінші бөлімі. Ол қос ғашықтың басынан өткен түрлі қиындықты баяндайды. Неге екені белгісіз видео әншіні махаббат туралы ойымен бөлісуге мәжбүрледі.
“Мына бір видеоны көріп қалдым. Біртүрлі көңіл-күйімді түсіріп жіберді. Өмірде неге фильмдегідей болмайды екен? Неге? Жүрегіңнің қалауына еріп, өміріңді махаббатыңа арнау оңай емес пе? Алайда біз өзгелер сынайды деп қорқып қиын жолды таңдаймыз. Бірақ бәрінен де сүйе білу, өзге бір адамның сүйіктісі болу маңызды емес пе?
Өмір ата-анаға, балаларға, достарға, сүйіктімізге, жұмысымызға, өзімізге, әр күнімізге деген махаббаттан құралған. Бұл видеоны “Әлемдегі барша тіршілік бізді күтіп тоқтап тұрсын” деп атар едім. Сүйіңіздер, сүйе біліңіздер!” – дейді Әдемі.
Бұл жазбадан кейін желі қолданушылары әнші өзінің сүйіктісін сағынып жүр деп болжады. Десе де, Әдемі мұны жоққа шығарып, өзі қалаған адамдардың әрдайым қасында жүретіндігін айтып өтті. Мұнымен қатар, аталған фильм туралы деректерді бөлісті.
Әдемі “Жас толқын – 2015” байқауында “көрермендер көзайымы” марапатын жеңіп алған болатын. Дәл қазір ол Ресей мен Қазақстанда қатар жұмыс істеп жүр. Жуырда ол Алматы қаласында жаңа альбомының тұсауын кесті. Аталған тұсаукесердің арнайы қонағы Сосо Павлиашвили болды. Мұнымен қатар, аталған кеште Ринат Гайсин мен Popcorn Band өнер көрсетті.
Жіберіп алмаңыз: