Аннабель қуыршағын сақтаған зерттеуші қайтыс болды
Фото: dan_rivera_nespr/Instagram
Жаңа Англия психикалық зерттеулер қоғамының жетекші тергеушісі Дэн Ривера “Аннабель қарғысы” турында қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ-та ең қорқынышты жәдігерлердің бірі, аңыздар мен қауесеттерге толы Аннабель қуыршағын сақтаған танымал 54 жастағы паранормальді зерттеуші Дэн Ривера кенеттен қайтыс болды.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам кештердің бірінде қонақүйде қуыршақты көрсетіп, экскурсия жасап жүрген кезінде ауырып қалған. Ер адамның жүрегі тоқтап қалды. Оқиға орнына келген дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Алайда өлімнің себебі ресми түрде жарияланған жоқ.
Аннабель ұзақ уақыт бойы "қарғыс атқан" қуыршақ деп саналды. Қалалық аңыздарға сәйкес, ол өлген қызға тиесілі. Қуыршақ заттарды жылжытты, кеңістіктегі орнын өзгертті және бір рет оның көйлегінде қанға ұқсас дақтар табылды.
Ривера 20 жылдан астам паранормальды құбылыстарды зерттеді. Мистицизмнің кейбір жанкүйерлері оның өлімі қуыршақпен байланысты болуы мүмкін екеніне сенімді.

"Халықтың қайғысына құрметсіздік": Алматыда Лениннің есімі берілген дәмхана желі қолданушыларының ашуын туғызды
