"Аңыз адам" дей беріңдер": Қайрат Нұртастың анасы халыққа алғыс айтты
Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова халыққа алғыс білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://vk.com/kairatnurtas1
Шоу-бизнес өкілі ұлының жанды дауыста ғана ән салатынын тағы бір мәрте атап өтті.
“Сіздер үшін тек жанды дауыста ән салады. Фонограммамен айтпайды. “Күндестің күні – қоңырау, соңымнан еріп әлі жүр” демекші өсекті қойыңыздар! Қара термен келген еңбекті бағалайтын кез болды. Өсекті қоштамай, сәл көзді ашып, қошеметтейтін уақыттарыңыз болды”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы.
-
"Салауат айтыңдар": Гүлзира Айдарбекова діни кеңес берген оқырманына ашуланды
-
Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімованы таныту үшін қандай қадамға барғанын айтты
Одан кейін Қайрат Нұртастың жыл қорытындысында алған марапаттарын да жариялады.
“Күні кеше “Аңыз адам” атағын алды. Өзі алған жоқ. Халық оған берді. Қолдайтын ел-жұрт ұсынды. Осыдан кейін “Аңыз адам” дей беріңдер! Ал мен тарихта қалуына себепкер бола берейін”, – деді продюсер.
Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/
Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылып қалған келіні Жұлдызға ақыл айтамын деп сынға қалған еді.