"Әніңді айтып, тыныш жүре берсеңші”: Нұрлан имамның алдында уағыз айтқан Сәкен Майғазиев қызу талқыға түсті

“МузАрт” тобының мүшесі, танымал әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында Нұрлан имамның алдында діни уағыз айтқан видеосын жариялап, қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Нұрлан имам да Сәкен Майғазиевтің айтқандарына келісіп, басын изеп отырады.
“Осының тігісін жатыстыра алмай ма, көзін таба алмай тұрғанын қарашы” десек, Аллаға шүбә келтіргендей болады екенсің. Алла оны солай жаратты. Бірақ ол шығарған математикалық есептерді сен шығара алмайсың. Болмаса Нұрекең білген хадистерді, сүрелерді мен білмеймін. Кейде бізді де тәкаппарлық басып кетеді”, – деді әнші.
Сондай-ақ өнер иесі өмірде тәкаппарлық түрлі күйде келетінін айтты.
”Екі ер адам судан өте алмай тұрған әйелді көреді. Бір еркек ұзақ ойланбастан әйелді арқалап, судың екінші басына өткізеді. Содан екеуі кетіп бара жатады. Бір уақытта екінші жігіт “Таңертеңгі тірлігің дұрыс болмады, сені тақуа, шариғаттың шегінен шықпайтын адам деп жүрсем, әйелге денең тиді ғой” деп айтады. “Сен сол әйелді әле көтеріп келе жатырсың ба? Ол ойды миыңнан шығарып таста, мен жамандық ойлаған жоқпын, өткіздім де кеттім. Ал сенің миың мен жүрегің әлі байланып тұр екен” деп жауап береді”, – деді әнші.
Сәкен Майғазиевтің өзі кейін парақшасында имамның алдында діни әңгіме айтқанына ыңғайсызданып қалғанын жазды.
“Маған сөз берді екен деп, Нұрлан имамның алдында көсіліп сөйлеп тұрған менде жүрек жұтқан жігіт екенмін. Элиф Шафак деген жақсы көретін жазушымның айтқан сөзі бар: “Алла тағала барлық адамның ой-санасын, бітім-болмысын, түр-келбетін бірдей етіп жаратуға да құдіреті жетер еді, бірақ Алла тағала осылай қалады” дейді. Сол себепті бір адамды бір адамнан кем санау – қате. Керісінше, біріміз бірімізді толықтырып, жақсысын асырып, жаманын жасыру адамдығымыз болмақ. Бұл жерде соны айтқым келген”, – деп жазды әнші.
Алайда әншінің діни уағыз айтқаны көпшілікке жақпай қалған көрінеді. Желі қолданушылары әншіден жасандылық байқағанын жазып, сыни пікірлер қалдырып жатыр.
“Бұрынғы қазақта үлкеннің алдын кесіп өтпек түгілі, сөзін бөлудің өзі әбестік еді. “Аға тұрып, іні сөйлегеннен без” деп, бір ауыз сөзбен-ақ шекараны белгілеп қойған”, “Сәкен өте мақтаншақ адамсың”, “Қазіргі отырыстарда шынайылық жоқ”, “Әркім өз саласында сөйлеген дұрыс, уағызды Нурлан иманға бер, сен әніңді айт”, “Әніңді айтып, тыныш жүре берсеңші”, – деп жазды олар.
Айта кетейік, бұған дейін Алтынай Жорабаеваның сіңлісі Сәкен Майғазиевке бриллиантпен көмкерілген алтын сағат сыйлағаны хабарланған еді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді