Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анджелина Джолидің қазақстандық сыңары өзін көшеде ұрып кеткенін айтты

Бокстан Қазақстан чемпионы Зарина Цолоева өзін көшеде ұрып кеткені жайлы атты.

14431825958vftu

Анджелина Джолидің сыңары атанып кеткен Зарина бұл жайлы желідегі парақшасында жазды.

«Қорықпаңыздар. Мен рингте дәл мұндай соққыны өткізген емеспін. Бір күні дүкенге бара жатқанмын. Жаңбыр жауып тұрғандықтан басымды көтерместен телефонға қарап келе жаттым. Бір қарағанымда жігіттің бе, әлде ер адамның ба сұлбасы көрінгендей болған. Басымды қайта төмен қаратқанымда қатты соққы алып, сол жерде құладым. Ол бірнеше секунд ішінде қашып үлгерді. Телефонымды да, ақшамды да, ешнәрсе алмаған. Сонда не үшін ұрды? »

«Бір айтайын дегенім, спортшы боласың ба, басқа боласың ба бәріне сақтық керек. Әсіресе, құлаққапты тақпаңыздар. Ата-анам көшеде құлаққап киме деп талай айтқан. Енді соның зиянын көріп отырмын», – деп жазды боксшы қыз.

Зарина Цолоева бокстан Қазақстан чемпионы. Ол Ақмола облысының Жақсы кентінде өмірге келген. 4 жыл бұрын өз командасымен волейболға қатысып чемпион атанды. Бокспен 16 жасынан бастап айналыса бастаған. Жақында бойжеткен «Армандар әлемі» толықметражды фильмінде роль сомдайтынын парақшасында хабарланған еді.

Тағы да оқыңыз:

Шымкентте жол апатынан үш адам қаза тауып, 2 адам жараланды

Суретке «екі саусақты шошайтып» түсудің мағынасын білесіз бе?

Қазақ жігіті: Бастапқыда құмар ойынға тек қызығушылық болды, кейін тәуелді болып қалдым

Талқылау