Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анджелина Джоли продюсерінен сексуалды зорлық көргенін ашық айтты

Америкалық актрисалар Анджелина Джоли мен Гвинет Пэлтроу өзіне Харви Вайнштейннің зорлық көрсеткенін ашық айтты.

«Жас кезімнен бастап Харви Вайнштейнмен жақсы қатынаста емеспін. Мен онымен бірге жұмыс істеуден бас тартып, өзгелерді сақтандырып жүрдім», – дейді Джоли.

Пэлтроу 22 жасында Вайнштейнмен жұмыс істегенін айтты. Продюсер актрисаны «Эмма» фильмінің басты рөліне алған. Айтуынша, фильм түсірілімінің алдында продюсер қонақүйдегі бөлмесіне шақырып, оған тиісе бастаған. Осыдан соң актриса басты рөлінен бас тартыпты. Кейіннен продюсер актрисаны қорқытып, бұл жайлы ешкімге айтпауын талап еткен.

«Мен ол кезде бала едім. Маған адам жалдап қорқытқан», – дейді ол.

Дүйсенбі күні The Weinstein компаниясы продюсер Вайнштейннің атына зорлыққа қатысты арыз түскен соң оны жұмысынан қуды.

New York Times басылымының мәліметінше, продюсер 30 жылдан бері әйелдермен 8 әлемдік келісім жасаған. Ол актрисалардың бәрі продюсердің қарсы болғанына қарамастан сексуалды зорлық көрсеткенін айтқан.

Тағы да оқыңыз:

Анджелина Джоли өрмекшіні қалай жеу керектігін көрсетті (фото)

Ақтөбенің қыздары тәш-тәш-тәш: Желіде хит болған әннің жаңаша түрі пайда болды (видео)

Мәңгүрт әншілер мен әндер: Танымал журналист “Шудың бойында” әнін сынап тастады

Талқылау