AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анджелина Джоли ауғандардың жағдайын айту үшін Instagram-да парақша ашты

Голливудтың әйгілі актрисасы және БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссарының арнайы өкілі Анджелина Джоли Instagram-ға тіркеліп, ауғандардың жағдайы туралы айтуға уәде берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Дәл қазір Ауғанстан халқы әлеуметтік желілерде еркін сөйлесу және өз ойын білдіру мүмкіндігін жоғалтып жатыр. Сондықтан мен Инстаграмға олардың әңгімелерімен және негізгі адам құқықтары үшін күресетін адамдардың сөзін бөлісу үшін келдім”, – деп жазды актриса.

Джоли өз парақшасында ең алдымен ауғандық жасөспірім қыздың хатын жариялады, онда Талибан қозғалысының (Қазақстанда террористік ұйым деп танылған) келуіне байланысты жағдайдың өзгергені және олардың аумақтарды басып алуы туралы айтылады.

Жасөспірімнің айтуынша, бұрын ауғандықтар қалыпты өмір сүрген, бірақ қазір "бәрі олардан қорқады" және адамдардың құқықтары бұзылып жатыр деп санайды. 

“Уақыт пен ақшаны көп жұмсау, қантөгісті және адам өлімін көру, мұны түсіну – сәтсіздік”, – деп қосты Джоли.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр