Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анджелина Джолидің "зомби нұсқасын" жасаған қыз 10 жылға сотталып кетті

Журналист Анджелина Джолиден Голливуд жұлдызының "зомби нұсқасы" атанған ирандық қызға көмектесуін сұрады.

Журналист Масих Алинеджад Twitter-де видео үндеу жариялады. Ол ирандық Instagram жұлдызы Фатима Хишванд (белгілі Сахар Табар) 10 жылға түрмеге жабылды деп мәлімдеді.

"Мен 19 жастағы қыздың 10 жылға сотталғанын білдім. Оның қылмысы - фотошоп арқылы өзін Анджелина Джолидің зомби-нұсқасына айналдырғаны. Ол небәрі 19-да, ол жас, Instagram-да әзілдегісі келген. Ол түрмеде 10 жыл отырады. Анасы күн сайын жылап жүр. Қызы кінәсіз. Біз оларға көмектесе алмаймыз. Сіз, Анджелина Джоли, бізге көмектесе аласыз, көпшілік алдында мәлімдеме жасай аласыз", - деді Алинеджад.

Фатима Хишванд 2019 жылдың 5 қазанында Instagram-да танылған үш әйелмен бірге қамауға алынған.

Алинеджад қыздың адвокатымен сөйлескенін айтты. Ол қыздың "қоғамда сыбайлас жемқорлықты насихаттады" деген айыппен 10 жылға сотталғанын айтты.

Хишвандқа күпірлік жасады, зорлық-зомбылыққа шақырды, жол берілмейтін әдіспен табыс тапты және жастар арасында сыбайластықты насихаттады деп айыпталды.

Фатима Хишванд 2017 жылы танымал болды. Содан кейін БАҚ Анджелина Джоли сияқты болу үшін 50 операция жасаған қыз туралы ақпарат таратты.

Кейіннен бойжеткен РИА Новостиге ота жасатпағанын, бірақ фотосуреттерді өңдегенін айтты. Сонымен қатар, ол Джолимен емес, мультфильмінің кейіпкеріне ұқсағысы келгенін айтты.

Талқылау