Андрей Малахов “Пусть говорят” ток-шоуынан кетті
Ресейдің ең танымал тележүргізушілерінің бірі Андрей Малахов бірінші арнадан кететін болды. Ол бұдан былай атышулы «Пусть говорят» ток-шоуын жүргізбейді.
Бұл туралы Dni.ru хабарлады.
Басылымның хабарлауынша, Малахов телеарна продюсері Наталья Никоновамен жанжалдасып қалған. Жұлдызды журналист бағдарлама форматы ауысатын болғандықтан, кетуге бел буған ұқсайды.
Малаховтың проблемасы 2017 жылдың мамыр айында басталды. Себебі дәл осы уақытта Никонова бірінші арнаға қайтып келген. Продюсер Ресейдегі ең танымал бағдарлама – «Пусть говорят» шоуын түбегейлі өзгертпек болған.
Ол бағдарлама барысында саяси маңызы бар мәселелерге тоқталу керектігін ұсынған. Малахов пен оның командасын ашуландырған да осы нәрсе екен.
Десе де нақты байлам жасауға әлі ерте. Себебі Малаховтың өзі бұл шуға қатысты еш пікір білдірмей отыр.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Мақсатқызы: Ер боп жаралсам, гей болар едім
Санжар Мәдиевтің досымен түскен суреті елдің ойын сан-саққа жүгіртті
Талай жігіт сөз салған: Танымал журналист не себепті әлі күнге дейін тұрмыс құрмағанын түсіндірді
Анасының қызы: Айару Бақытбектің купальникпен түскен суреті желіні шулатты