Андрей Малахов декреттік демалысқа шықпақ
Ресейлік тележүргізуші Андрей Малахов бала күтіміне байланысты демалысқа кетпекші.
бұл туралы Малахов жұмыс істейтін «StarHit» журналының сайтында жарияланды, -деп жазды ТАСС.
«Мұндайды өзім де күтпеген едім. Менің декреттік демалысқа кететінім өткен аптаның басты жаңалығы болды», – деді Малахов.
«Төртінші баласы туғаннан кейін бала күтіміне байланысты 3 жылға демалыс алған Новосібір опера және балет театрының бас директоры Владимир Кехман сияқты демалысты ұзақ мерзімге алатындығым немесе өз сәбилерінің күтіміне байланысты аз уақыт арнаған ханзада Уильямс пен Криштиану Роналду секілді қысқартылған нұсқа бойынша әрекет ететінім әзірге белгісіз», – деді тележүргізуші.
Андрей Малахов Бірінші арнаға 1992 жылы келді, содан бері әртүрлі бағдарламаларға сюжеттер мен мәтіндер дайындады. 2005 жылы эфирге «Пусть говорят» бағдарламасы шықты, ол әлі күнге дейін жалғасып келеді.
Оқи отырыңыз:
Ата-анасы күштеп күйеуге бермек болған қырғыз қызы жындыханаға түсті
Оралда анасы суға батқан бойжеткенді менің қызым деп таныған, бірақ қызы тірі болып шықты
Мәскеуде қырғыз жігіт ұйқыдағы ресейлік әйелдің аяғын сүйіп жатқан жерінен ұсталды