Андрей Аршавин Алматымен қоштасқысы келмейді
Андрей Аршавин Қазақстанда тағы бір жыл доп тебетін болды. Кеше алматылық “Қайрат” футбол клубы ресейлік ойыншымен келісім-шартты 2017 жылдың аяғына дейін ұзартты.
Футболшының бұған дейінгі келісім-шарты желтоқсан айында бітетін болған. Келісім бойынша қаржылық жағдай нақты айтылмаған. Белгілі краснодарлық “Кубанмен”, Ресей құрамасының экс-капитаны бір жылда 2 жарым миллион евроны қалтаға басқан.
Аршавин “Қайрат” сапында 36 матч өткізіп, 11 гол соғып, 7 голдық пас берген. Бұған дейін ойыншы спорттық мансабын осы “Қайратта” аяқтауы мүмкін екендігін де айтқан болатын.
Оқи отырыңыз:
“Ақтөбе” футбол клубының директоры ұсталды
Мәскеуде кикбоксингтен екі дүркін әлем чемпионын өлтіріп кетті
Елбасы Токиода сасқалақтап қалған Есімовке ыммен түсіндіріп жөн сілтеді (видео)
«Әлем аруы-2016» байқауы сайтында Қырғызстан мен Қазақстанның туын шатастырып алды
Талқылау