Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анатолий Цой: Қазақстанда әншілер тойға шығу үшін танымалдылыққа ұмтылады

Анатолий Цой жуырда Алматы қаласына келді. Әнші өзінің жеке топтамасын таныстыруды жоспарлап жүр екен. Мұнымен қатар, ол қазақстандық шоу бизнестің Ресеймен деңгейлес болуы үшін не істеуі керектігін айтты.

16110664_2314926702065052_2330700239813476352_n

Фото: instagram.com/anatoliytsoy_official/?hl=ru

Бұл туралы НТК арнасының “РЕВЮ” бағдарламасында айтылды.

– Алматыға қандай мақсатпен келдің?

– Бұл жолы Қазақстанға артист ретінде келгенім жоқ. Өзімнің дизайнерлік қырымды сынап көргім келеді. Бес жыл бұрын киім шығару идеясы келген еді. Кейде дүкенге кіріп өзіңе керекті киімдерді таба алмайтын кездер болады. “Шіркін, осындай шалбар немесе жейде болса ғой” деген ой да келеді. Қазір киім шығарғаным орынды деп білемін. Себебі, адамдар мені біледі. Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап топқа тиесілі киімдерді сата бастағанбыз. Сауда жақсы жүрді.

– Дизайнерлікпен айналысатын жұлдыздардың 90%-ы бұл ісін тастап кетеді. Артынша басқа іспен айналысады. Ал сенің осы істі соңына дейін жеткізуге шыдамдылығың жете ме?

– Мен бастаған ісін жарты жолдан тастап кететін адамдардың қатарынан емеспін. Керісінше өзімді перфекциониспін деп айта аламын. Межелеген жеріме жетпейінше тынышталмаймын.

– Әрбір топтаманың өзіндік ерекшелігі болады. Ал сіздің киімдеріңіз несімен көзге түспек?

– Мен шығаратын әрбір киімде былғары шеврон болады. Өзім де Әділ Лиянға футболка алып келген едім. Ол демалыстан келген соң бұл сыйлыққа қуанады деп ойлаймын. Әрбір шевронда арыстан бейнеленген.

– Ал киімдеріңнің бағасы қандай болмақ?

– Киімдердің бағасы әртүрлі болады. Бірақ әлемдік брендтердікіндей тым қымбат емес. Орташа бағадан аздап жоғары.

– Сенің бірінші кезекте артист екеніңді ұмытпайық. Шығармашылығыңна қандай жаңалықтар болып жатыр?

– Жуырда “Балерина” мультфильмінің жабық көрсетілімі өтті. Осы туындыға арнап саундтрек жаздық. Әнін Константин Меладзе жазды. Ең қызығы, бұл әнді Константин 20 жыл бұрын шығарған.

– Сен елге тыңдармандарың үшін ұшып келген де боларсың? Олар сені асыға күтіп жүр.

– Иә, мен әрбір тыңдарманыммен жеке кездесу үшін келдім.

– Сенің ойыңша, қазақстандық шоу бизнес жоқ дегенде Ресеймен деңгейлес болуы үшін не істеуі керек?

– Бұл жерде кімдікі дұрыс немесе бұрыс деген мәселе жоқ. Жағдай осылай болып қалды. Мысалы, бізде той бизнес жақсы дамыған. Біздің артистеріміз осыған қатысты жиі әзілдер айтады. Яғни адамдар тойда, отырыстарда жүріп көп ақша табу үшін танымалдылыққа ұмтылады. Гонорарың да танымалдылығыңа сай өсіп отырады. Ал Мәскеуде әншілер мүлдем басқаша жұмыс істейді. Көптеген аталымдар бар. Кештерде өлең айтуды тек қосымша бонус деп біледі. Оның үстіне бәсекеге лайық артистер жетерлік. Әншілер жаңағы аталымдарға ие болу үшін түрлі шоу ұйымдастырып, көрерменді қызықтыра түседі. Яғни әншілер тойда ән айту үшін танымалдылыққа ұмтылмайды.


Жіберіп алмаңыз:

Әділ Лиян Айсәуле Бақытбекті орнына қойды

Майкл Джексонның қызы әкесін кімнің өлтіргенін айтты

Абай Бегейдің Кубада түсірген бейнебаянына қара нәсілділер түсті (видео)

Меруерт Түсіпбаева сотқа барып Жадоның үстінен арыз түсірді

Талқылау