Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасының қан қысымы қыз немесе ұл туатынын білуге көмектеседі

Болашақ сәбидің жынысы қандай болатыны туралы әртүрлі болжам мен аңызға құрылған нәрселер баршылық. Тіпті ультрадыбыстық зерттеудің (УДЗ) өзі жүз пайыздық дәлдікпен көрсете алмайды. Маунт Синай ауруханасы мамандарының зерттеуі бойынша, баланың жынысын анасының қан қысымы арқылы анықтауға болады екен.

davlenie

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Әйелдерде қан қысымы артқан кезде (гипертония) көп жағдайда ұл бала дүниеге келеді. Ал қан қысымы төмен болса қыз баланың өмірге келуі артады. Мұның себебі неде екенін ғалымдар нақты атай алар емес. Алайда тәжірибе бұл жағдайдың рас екенін дәлелдеген. Сарапшылар 1411 жүкті әйелден тұратын топ құрып зерттеу жасаған.

Тәжірибенің басында және жүктілік кезінде қан қысымы, холестерин, үшглицерид және қант мөлшері өлшенген. Ұл бала туатын әйелдерде жүктілікке дейін систолалық қысым артқан.

Бұл ретте мамандар өздері қалаған жыныс өкілін өмірге әкелу үшін, қан қысымын әдейі өзгертуге болмайтындығын қатаң ескертеді.

Оқи отырыңыз:

Жақсылық Досқалиев жыл дәрігері атанды

Дәрігерлер балалардың смартфон, планшет алдында қанша уақыт отыру керегін айтты

Ақтауда жаралы ер адамды аурухана есігі алдына әкеліп тастап кетті (видео)

Босану кезінде көз жұмған әйелдің анасы бас дәрігерді ұрып тастады

Талқылау