Анасын шетелге қыдыртқан Тәуекел елдің батасын алды (фото)
Түсірілімнен босамайтын Тәуекел Мүсілім қолы қалт етсе достарын ертіп, шетелге кетіп қалуды әдетке айналдырған. Бойдақ жігіт үшін достармен өткен демалыстың орны бөлек, әрине! Әйткенмен, сері жігіт анасы мен жақындарына көңіл бөлуді де ұмытпайды.
Мәселен, биылғы демалысында Тәуекел анасы мен жалғыз әпкесін шетелге қыдыртты, деп хабарлайды Stan.kz.
Анталиядағы сапарына актер сүйікті жиенін де ала барған. Есте болса, бір сұхбатында Тәуекел жиен інісіне барынша көп көңіл бөлуге, әкесінің жоқтығын білдірмеуге тырысатынын айтқан болатын.
Анасы мен әпкесінің тілегін орындап болған соң Тәуекел көршілес Қырғызстан еліне сапарлады. Ыстық көлдің суына түсіп, Ош қаласын аралады.
Одан бөлек, бауырындай болып кеткен қырғызстандық актер Азамат Ұлановтың ата-анасымен танысқанын айтты.
Айта кетейік, Тәуекел мен Азамат “В поисках мамы” фильмінде басты рөлді сомдаған болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Әке тәрбиесі туралы ой бөліскен Қанат Айтбаев көпшіліктің жүрегін елжіретті
Анталияда жүрген Арман мен Аша отбасылық суреттерін көрсетіп, елді тебірентті (фото)
Өліммен арпалысқан ғашықтарды клипке түсірген Ернар Айдар жұртты жылатты (видео)
Қайрат Нұртас Италияға тойға шақырту алды