Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасын бір аптадан кейін моргтан тапқан жігіт: Айта алмағандарыңызды тірісінде айтып қалыңыздар

Бір кездері Өзбекстаннан көшіп келген қазақ жігіті анасын сағынғанын айтып жылады. Нұржан мырза бастапқыда көз жасына ерік бермеуге шыдап бақты. Тіпті, Ләйлә Сұлтанқызы оның анасының өлімі туралы жеңіл айтып отырғанына қайран қалды. Алайда психолог маманның сөзінен кейін жігіт сезімге ерік беріп, анасын қатты сағынғанын айтты.

мав

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

«Әкем бір ай, анам 10 жыл бұрын қайтыс болған. Анамыздан айырылғанда мен он үште, әпкем он тоғызда болды. Өмірде әке-шеше баласын асырап, біреуден кем қылмай киіндіріп, жемегенін жегізуге тырысады екен. Анам да бізді осылай бақты. Ол кезде Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасы ашық еді. Ал анам кішігірім бизнеспен айналысып жүрді. Сол кезде туысымыз той жасамақ болып, анамды шақырды. Той керемет өтті. Өзімнің кішкентай болғаныма қарамай анамды соңғы рет көріп тұрғанымды түсіндім. Қимастық сезім күшейе берді. Анам қасымда болса да, құшақтай бергім келді.

Тойдың ертесі соңғы рет отбасымызбен отырып шай іштік. Кенет «Балам, саған ризамын. Экзамендеріңді жақсылап тапсырып кел. Сені күтемін» деді. Мен неге айтып жатыр екен деп түсінбей тұрып қалдым. Ертесінде мені көлік қағып кете жаздады. Бірақ, анамның даусы құтқарып қалды. Оның даусын естіп, бұрылған болатынмын. Алайда осы уақытта анамды көлік қағып, қайтыс болып кеткен екен. Біз тұратын жер мен Қазақстанның арасы бір сағаттық жол. Яғни өзінің туған жерінде қайтыс болды. Бір аптадан кейін туыстарыма барып анамның бақилық болғанын естірттім. Көлікте анаммен аттас келіншек отырған екен. Екеуінің құжаттары ауысып кетіп екі тарап туыстарының қайтыс болғанын білмеген. Яғни олардың мүрдесі бір апта бойы моргта жатқан. Өмірімнің екіге айырылғаны рас. Ана дегенде өзі жемей, өзі кимей, біреуден кем қылмай өсіретін періште әйелді көз алдыма келтіремін. Иә, бұл туралы еркін айтып отырғаным рас. Әркім түрліше түсіне жатар.

Мұнда келген себебім – адамдарға «Ананың қадіріне жетіңдер» деп айтқым келеді. Өмірім керемет болды, жаман болды деп айта алмаймын. Жегенім алдымда, жемегенім артымда. Киген киімім таза. Анам қайтқан соң ешкімнен көмек алмадым. Өзім барлығына ұмтылдым. Ертең ешкім «Сен келгенде кім едің? Қазір кім болдың?» деген сөздерді естігім келмеді. Аллаға шүкір, қазір барлығы жақсы. Достарға айтарым: Қолдарыңызда уақыт бар кезде, аналарыңызды сыйлаңыздар. Айта алмаған сөздеріңіз болса айтыңдар. Тойғанша иісін иіскеңдер. Себебі, бұл өмірде барлығы уақытша. Әйтпесе, кеш болады. Достарым анасына еркелеп жатқан кезде кеудемде қызғаныш пайда болады. Неге Алла бізден ең керек дегендерімізді алып қояды екен», – дейді Нұржан мырза.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз

Қос жұртынан қорлық көрген әйел марқұм анасын сағынып жылады

Шымкенттік әйел күйеуінің басын “айналдырып” алған құрбысы туралы айтты

Алматылық ару: Пәк болмағаным үшін қорлық көріп келемін

Сәбиінің үлкен дәретінен қан шығатын әйел мамандардан көмек сұрады

Талқылау