Анасы селфиге бола сәбиін жартастың шетіне жатқыза салған
Сауд Арабиясында анасы сәбиін селфиге бола таулы жартастың шетіне жатқызған. Аз уақыт ішінде Facebook желісін шарлап үлгерген суретте бір жасқа да толмаған сәбидің жартастың шетінде жаялық үстінде жатқаны көрінеді.
Ал ол жатқан жердің арғы жағы шыңырау шатқал. Тек құмырсқадай болып көрінген көліктер ғана төменде тізіліп кетіп барады.
Ғаламтордағы сурет сипаттамасына сәйкес, селфи Эт-Тайф қаласында жасалған. «Фейсбуктегі» қалың жұрт бұл суретті қатаң сынға алғаннан кейін «селфишіл» әйел өз парақшасын өшіріп тастапты.
Талқылау