Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы Қайрат Нұртастың билеттерінің сатылуына кедергі жасағандар туралы айтып берді

Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың концертіне билеттердің сатылмай қалуына жағдай жасаған адамдар туралы айтты.

пеак

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

Бүгінде Қайрат Нұртас еліміздегі ең танымал әншілердің бірі. Көрермендер оның концертіне баруды армандаса, әріптестері онымен бірге дуэт айтуды құрмет тұтады. Соңғы уақытта Қайрат еліміздегі ең бай әншілердің қатарына да енгізіліп жүр. Алайда оның анасы Гүлзира Айдарбекова кірістен шығыстың әлдеқайда көп екенін айтып жатыр.

“Адамдар шығыс мәселесін көп түсіне бермейді. Барлығы тура Қайраттың қалтасына түсіп жатыр деп ойлайды. Афишаны ілген адамға, жарықты құрастырғанға, техникаға, сахнаның дизайнін құрастырушыға ақша төлейсің. Мұның барлығы өте қымбат тұрады. Құры қауқаған сахнаның өзі 80 мың доллар болады.  3Д шоу концерт жасаған кезде, әр әнге сай сахнаның безендірілуін өзгертіп отырасың. Мысалы, 27 ән болса, сахнада 27 түрлі көрініс қойылады”, – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Үлкен ақша бар жерде даудың да болатыны сөзсіз. Бір кездері Қайрат Нұртастың концертіне арналған билеттердің сатылмай қалуына жағдай жасаған адамдар да болған екен.

“Маған “Қайрат Нұртастың билеті қашан сатылымға түседі? Болмаса қай жерден ала аламыз?” деп жазды. Көптің бұл сөзін түсінбей, тексертіп жібердім. Сөйтсем сол жерде отырған адам өздерінің концертінің билеті өтпей қалады деп қорқып, Қайраттың билетін сатқызбай жатыр екен. Ол адамның атын айтпай-ақ қояйын. Осыдан кейін билеттердің сатылып жатқанын білдірту үшін үлкен билборд жасаттық”, – дейді ол.

Бүгінде Үсенқызының түнде ұйқысы, күндіз күлкісі қашқан. Өйткені жақында ұлы тағы да бір мега шоу жасағалы жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Бақытбек Есентаевқа кесілген үкім өзгеріссіз қалды

Әнуар Нұрпейісов болашақ жарына оқуға кеңес беретін 3 кітапты атады

«Музарт» тобының ізбасарлары анықталды

Ninety one әншісі сахнада түшкіріп артынша акробатикалық жаттығу көрсетіп жіберді (видео)

Талқылау