Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

7 жасар баланың дауы: Анасы мен ұлының қайда екені белгілі болды

ОҚО Абай ауылында зорлық көрген болуы мүмкін 7 жасар бала анасымен бірге Аналар үйіне орналастырылған, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы «ДОМ» қайырымдылық қорының басшысы  Аружан Саин мәлімдеді.

Бұған дейін баланың анасы Астанаға келіп, оны алып кеткені хабарланған еді. Қорғаушы Бауыржан Азановтың сөзінше, бастапқыда анасын ұлына жібермей қойған.

Аружан Саин баланың анасына көмек қолын созғандардың барлығына алғыс білдірді.

«Қазір олар Аналар үйінің біріне орналастырылды», – деп жазды Саин желідегі парақшасында.

Сонымен қатар Аружан Саин баланың анасымен хабарласқанын және ол көмектескен жандарға алғыс айтқанын хабарлады.

Еске салайық, Сарыағаш ауданы Абай ауылында тұратын 7 жасар баланың зорланғаны туралы ақпарат қоғамда қызу пікірталас туғызды. Баланың әжесі құқық қорғау органдарына немересін жоғары сынып оқушылары зорлап келгенін айтып, арызданған. Қылмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыз:

7 жасар баланың отбасына қоқан лоқы көрсеткен

Балиева 7 жасар баланың ісіне қатысты айыпталып жатқан ” отбасылық туыстармен” таныс емес екенін айтты

Астанада 7 жасар баланы анасы алып кетті

Балиева: 7 жасар баламен кездескісі келетіндерге бір шартым бар

Талқылау