Анасы мен ұлы лотереядан бір уақытта 17,5 миллион теңгеден ұтып алды
Англияның Бутл қаласында анасы мен ұлы бір уақытта әрқайсысы 17,5 миллион теңгеден (30 мың фунт стерлинг) джекпот ұтып алды. Бұл туралы Daily Mirror-ға сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Миллер ұтып алған ақшасының бір бөлігін Абу-Дабиде тұратын әпкесіне барып-келуге жұмсамақ. Британиялық әйел біраз уақыт бойы ақшаны уайымдамайтынына қуанды.
Ал Пол ұтысын екіге бөлмек: бір бөлігіне ұлына сыйлықтар алса, екінші бөлігін сақтап қоймақ.
Лотерея билетінің құны – шамамен 5 800 теңге (10 фунт стерлинг). Билет сатылымынан түскен қаржының кемі 33 пайызы қайырымдылық қорларына аударылады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"