Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы мен қызы бір жігітпен ара қатынас құрып, кезек-кезек кездесуге келіскен

Фото: Видеодан скрин/Nick Vardy/YouTube

29 жастағы Николас Хантер есімді контент авторы 22 жастағы Джейд және оның 44 жастағы анасы Дэнимен қарым-қатынаста екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі news.com.au сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Николас Хантер Джейд және Дэнимен бірге заңды қарым-қатынаста екенін, бірге тұрып жатқанына екі жыл болғанын айтты.

Ник өзінің Instagram парақшасында жариялаған видеосында, әуелде Джейдпен қарым-қатынаста болған. Кейін жұп "қиын кезең" бастан өткеріп жүргенде Джейдтің өмірлік коучі, яғни анасы Дэниден кеңес сұраған. Сол кезде Джейдтің анасы "қарым-қатынасқа басқа әйелді қосып көруді" ұсынғанда Ник бұл әйелдің Дэни болуы керек екенін айтқан. Ал Джейд бұл ұсыныспен келіскен.

“Шынында олар — анасы мен қызы және біздің бір-бірімізге деген сезіміміз шынайы", — дейді ол.

Қазір анасы мен қызы Никпен кезектесіп кездесіп, жақын қарым-қатынасқа түсіп жүргендерін айтады.

Жақында Джейд пен Дэнидің өзінен жүкті екенін айтып, интернетті шулатты. Кейін ол мұның "қалжың" екенін, екеуінің де жүкті емес екенін айтты.

“Сәби жоқ. Бұл жай ғана қойылым. Шынайы өмірде олай емес. Олар әзірге жүкті емес. Әзірге ғана”, – деді блогер.

Блогер жүздеген мың қаралым жинаған видеоның "әзіл" екенін мойындағанымен, үшеуінің қарым-қатынаста екенін жоққа шығармады. Сондай-ақ бұл әрекетіне еш өкінбейтінін жеткізген Ник көпшіліктің сынына қалды. 

“Бұл әлем есінен адасқан”, “Мұндай нәрсемен мақтануға болмайды, бәрі жиіркенішті”, “Кейбір адамдар назар аударту үшін бәріне дайын”, - деп жазды желі қолданушылары.

Айым Болатқызы
Жұма, 30 Мамыр, 2025 14:53