Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Анамның арманы орындалды": Баян Алагөзова су жаңа атаққа ие болды

баян актриса Фото: https://www.instagram.com/bayanmaksatkyzy

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы су жаңа атаққа ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі жақсы жаңалықты жеке парақшасында хабарлады. 

“Достар! Баршаңызды келе жатқан Республика күнімен құттықтаймын! Бүгін анамның арманы орындалды. Мен ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері атағын иелендім. Беделді марапатты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаевадан алдым. Бұл үлкен құрмет және үлкен жауапкершілік. Мен отанға қызмет етемін”, – деп жазды продюсер. 



Айта кетейік, Республика күні қарсаңында Тоқаев бірнеше өнер өкілдерін марапаттады. 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы мәдениет саласының көрнекті өкілдері Зарина Алтынбаеваға, Әйгерім Алтынбекке, Нина Жмеренецкаяға, Бақыт Қажыбаевқа, белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері И.Сауэрге және тағы да басқаларға берілді.

"Қазақстанның халық әртісі" атағына музыка, театр және кино өнерінің көрнекті қайраткерлері Болат Әбділманов, Меруерт Өтекешова, А. Жайымов, Тамараасар Жанқұл, Шынар Жанысбекова, Б.Ибраев, Күлжамал Қазақбаева, Рахилям Машурова лайық деп танылды.

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 24 Қазан, 2025 14:50
Талқылау