Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Анама ренжідім": Наркенже Серікбаеваның қызы үндеу жасады

Наркенже әнші Фото: https://www.instagram.com/zhansayaserikbaeva__/

Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаеваның қызы Жансая Серікбаева анасының даулы оқиғасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айта кетейік, "Алдыма отыр, сені иіскеуім керек" деп әнші Наркенже Серікбаева филармония басшысынан көрген қорлығын жайып салған еді. Өнер иесінің қызы не себепті екі тараптың татуласқанын түсіндірді. 

”Соңғы үш күндік жағдай бәрімізді селт еткізбей қоймады. Мен анаммен әрқашан мақтанамын. Бұл жолы да ешкім қозғай алмай жүрген қоғамның басты дертін қозғап, ерлік жасады. Біреу жақтады, біреу даттады. Анамды мазаққа айналдырды. Мейлі, біз қашан да мықтымыз. Бұл сынақтан да ойнап-күліп бас көтеріп өтеміз", – деді ол.



Одан кейін ел ағаларының анасына өтініш айтқанын да жасырмады. 

"Мен де анама ренжідім: неге кешірдіңіз, неге соңына дейін бармадыңыз?" дедім. Бірақ анам: "Саяш, Алладан үлкен емеспіз. Ел ағалары келіп тұрғанда кешірмесек, біздің адамгершілігіміз қайда?" деді.Осылай екі жақ ортақ шешімге келдік”, – деді Жансая. 

Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 26 Маусым, 2025 17:09
Талқылау