Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Анама ешкімнің ақшасы керек емес": Айсәуле Бақытбек "Қазақ аруына" қатысты ойын бөлісті

Танымал блогер Айсәуле Бақытбек қызу талқыға түскен “Қазақ аруына”қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Жеке парақшадан алынды

Желі жұлдызынан әлеуметтік желідегі оқырман "Қазақ аруы" байқауының қаншалықты шынайы өткенін сұраған. Айсәуле Бақытбек анасы байқауды әділ өткізгеніне сенімді екенін жеткізді.

“100 мың адам дауыс берді. Менің ойымша, таза жеңіс. Жеңімпазды әділетсіз таңдаудың маңызы жоқ. Байқауды жеке басының қамын ойлауы мүмкін дейтін "ағашка" емес, менің анам ұйымдастырды. Жеңімпаз қыздың біздің отбасыға ешқандай туыстық қатысы жоқ. Өзім кеше оны басқа қатысушы қыздармен бірге бірінші рет көрдім. Анама байқаудағы жеңіс үшін ұсынатын ақшаның қажеті де жоқ. Осыдан өздеріңіз қорытынды шығарсаңыздар болады", – деді Айсәуле Бақытбек.



Еске салайық, Баян Мақсатқызы жыл сайын байқаудың арты үнемі дауға ұласатынын да жасырмаған еді. 

“Осындай шараға қыруар ақша жұмсап, жеңісті біреуге алып беру бізге қызық емес. Ондаймен айналыспаймыз. Жеңімпаздарды сөкпейді. Адамдар неше түрлі пікір айтады. Жыл сайын байқау әділ өтпеді деп маған айып тағылады. Бізде барлық дәлел, хаттама бар", – деген еді Алагөзова. 

Талқылау