"Анам мен әкем әмеңгерлікпен қосылған": Актриса Лейло Базарбек отбасы жайлы айтып берді

Театр және кино актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет”, “Парасат”, “Барыс” ордендерінің иегері Лейло Бекназар “Өмір өрнегі” бағдарламасына берген сұхбатында отбасы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің айтуынша, ата-анасы әмеңгерлікпен қосылған.
“Анамның бірінші жолдасы Құдайберген деген кісі болған. Ол менің әкемнің інісі екен. Екі бала жетім қалмасын деп менің әкеме әмеңгерлікпен алып берген. Ал менің әкемде бала болмаған екен. Әкемнің бірінші әйелі қырғыздың қызы болған, ол кісі қайтыс болғаннан кейін балаларды жылатпайық деп әкеме қосыпты. Әкем оларды өзінің туған балаларынан артық жақсы көрген”, – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін танымал продюсер, журналист Гүлнұр Мамасарипова жоғары гонорарға лайық отандық актерлардың есімдерін атағаны хабарланған еді.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"