Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Анам 4 баламен, жеңгем 6 баламен қалды": Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің қазасын қалай жеңгенін айтты

Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы жолдасы туралы айтып, эфирде көз жасына ерік берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “1001 түн” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жақындары мен балаларының қолдауымен аяққа тұрғанын айтты.

“Қайраттың туысқандары келіп, иығыма ақ жаулық жапты. Ендігі өмірің ақ болсын деп баталарын берді.

"Қайын жұртым жылынан кейін иығыма ақ орамал жауып, ендігі өмірің ақ болсын деп батасын берді. Мен мықтымын деп өзімді көрсетіп жүргенмен олай емес. Ол үлкен салмақ. Бір шетте жылап отырсаң, балаң саған қарайды. Баланың жүрегін ауыртқың келмейді. Маған тез жиналуға тура келді. Әрине, оңай болмады. Жора-жолдастарым, мамам, қайын апаларым, қайын ағаларым көмектесіп тұрады. Менің анам да 49 жасында 4 төрт баламен жесір қалды, әкем қатты ауырды, жеңгем 6 алты баламен қалды. Олардың қасында Қайрекең балаларға керек сәтінде қасында болды. Мықты тәрбие беріп кетті. Ұлдарым қазір бұзықтық жасаса дауыс көтере алмаймын. "Менің ойымша, сенің бұл іс-әрекетің әкеңе ұнамас еді" деп айтамын. Түсіндірудің ең биік жолы – сол. Жинала қояды. Жеңгем алтыншы баласын ағам дүниеден өткеннен кейін төрт күннен кейін дүниеге әкелді. Жеңгемнің мықтылығына қарап, басқа да келіншектердің мықтылығын мойындаймын", – деп жылап қалды журналист. 

Сонымен қатар Ләйлә Сұлтанқызы жолдасының алғаш алып берген көлігі туралы да айтып берді. 

“Ең алғашқы көлігімді түсімде көрдім. Қайрекем сыйлаған. Салонға барып кез келген көлікті таңда деді. Жалпы, әйел заты машинаның тек сыртқы формасына ғана мән береді екен. Мен де формасы ұнаған машинаны алдым. Бірақ Қайрекең оны несиеге алып берді. 1 айдан кейін маған "төлеу керек" деген хабарлама келіп тұр. Артынан неге олай алғанын түсіндіріп берді. Іскер адамдардың әрқашан өз жоспары болады,  ми қатпарлары да басқалай жұмыс істейтін сияқты. Сөйтіп жүріп, Қайрекем 1 жылда төлеп тастады. Артынша балаларға да қаржылық сауатты үйретті", – деп күліп еске алады журналист. 

Талқылау