Аналарына ән арнаған “RinGo” тобы тыңдармандарын жылатты (фото, видео)
Құрылғанына 10 жыл толған “RinGo” тобы алғашқы есеп беру кешін өткізді. Концерт барысында аталмыш топ үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) ән салды. Әсіресе, композитор Берік Саметовтің «Мама» деп аталатын әні тыңдармандардың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz.
“RinGo” тобы 10 жыл ішінде Қазақстан эстрадасынан өзіндік орнын тауып үлгерді. Осы уақыт аралығында топ құрамы ауысқанымен, тыңдарманның “RinGo” тобына деген ыстық ықыласы өзгермеді. Продюсер Алуа Қонарованың «тұңғыш балалары» тек елімізде ғана емес, шетелде де танымал бола бастады. Бірнеше халықаралық байқауға қатысқан топқа Ресейдің примадоннасы Алла Пугачева жоғары бағасын берді. Өз тарапынан екі рет ақшалай сыйлық ұсынды.
Бүгінде “RinGo” – сан мыңдаған тыңдарманы бар, өзіндік стилімен ерекшеленетін топ. Алғашқы шығармашылық кештерінде топ жігіттері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ән салды.
Ал «Мама» әні тыңдармандардың жүрегін елжіретіп, тіптен жылатты. Топ солистері де әнді орындау барысында тебіреніп, көз жастарына ерік берді. Ән аяқталар сәтте аналарының алдында бас иіп, гүл шоқтарын ұсынды. Ал көрермендер қошеметін аямады.
Жіберіп алмаңыз:
Ұлттық арна трансвеститке эфирге шыққаны үшін ақша төлеген
Баян Мақсатқызы: Мен бұрынғы күйеуіммен дос болып қалғым келеді (видео)
Қазақстандық жұлдыздар ұрық доноры болудан бас тартты
Мәдинаның кешінде ресейлік әнші қазақтың халық әнін орындады (видео)