Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ана, әке, көмектесіңіздерші": Қарағанды облысында ресейлік азамат 20 жыл бойы құлдықта жүргенін мәлімдеді

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Қарағанды облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Қарағанды облысының қыстақтарының бірінде заңсыз ұсталғаны туралы мәлімдеген ер адамды анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видео жолдауда ер адам 20 жылдан бері Қарағанды облысында еңбек құлдығында деп мәлімдеді. 

"Ана, әке, мен 20 жыл тұтқында болдым. Егер мүмкін болса, Қазақстаннан кетуге көмектесіңіздерші, Қарағанды облысы, Ақжал кенті, "Мұхтар" қыстағы. Батя, мүмкін болса, көмектесші", – дейді ол видеода.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында шет ауданының полиция қызметкері 44 жастағы ер адамды, Ресей Федерациясының азаматын анықтады. Ол жиырма жыл бойы 44 жастағы жергілікті тұрғын тарапынан заңсыз қанауға және еңбекке мәжбүрлеуге ұшырағанын түсіндірді. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды, онымен тергеу амалдары жүргізілуде", – деді облыстық ПД бастығының орынбасары Абиль Абильдин.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 126-бабы "бас бостандығынан заңсыз айыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Талқылау