Өнерімен ақша тапты: Жас жігіт Париж көшелерінде қазақ тілінде ән айтып тұр (видео)
Желіде Париж көшелерінің бірінде ән айтып тұрған жігіттің видеосы жарияланды. Ол қазақ тілінде ән айтуда.
Видео Инстаграм желісінің ztb_video тобынан алынды.
Пікір жазушыларының сөзіне сүйенсек, ол Бақыт Ханиев есімді Қазақ ұлттық университетінің студенті. Ол көпшілік көп жүретін көшенің бойында гитараның сүйемелдеуімен ән орындады. Желі қолданушыларының басым бөлігі оны қолдай түсті. Алайда, мұндай әрекетпен ақша табуды ерсі санағандар да болды.
«Парижде олай қазақтың атын шығармай-ақ қойыңдар» деп жазады желі қолданушысының бірі. Оған қарсы келіп жігіттің ақша табу мақсатында емес, өз қалауымен ән орындап тұруы мүмкін екенін айтқандар да табылды.
Жіберіп алмаңыз:
Өскеменде жоғалып кеткен оқушы қыз табылды
60 жастағы қазақстандық тегін электр технологиясын құрастырып шықты
Марқұм ұлының еміне жиналған 7 млн теңгені анасы өзге науқастарға таратып берді
Тойда етегі ашылып бөксесі көріне билеген бойжеткен елдің ызасын келтірді (видео)