Ән айтуды доғарыңдар: Көз жұмған бала жайлы хабарлама Нұртас Адамбайға маза берер емес
Нұртас Адамбай науқас баланың қайғылы тағдырын айтып, қазіргі қоғамда болып жатқан мәселелерге алаңдаушылық білдірді.
“Бір жайт ойымнан кетер емес. Жақында әлдебір топта бір жыл бұрын жазылған хабарламаны көзім шалып қалды. Науқас балаға көмек сұраған. Кейіннен “Көмектесуге тырысқан барлық жанға рахмет. Топты өшіру керек” деп жазыпты. Баланы құтқара алмаған. Керек қаражат жинап үлгермеген”, – деп жазады Нұртас Адамбай желідегі парақшасында.
“Мұндай жағдай қазір де болып жатыр. Бүгінде желіде жарияланған осындай хабарламалардың көптігі соншалық, оларға назар аудармайтын болдық. Біреудің қайғысына бей-жай қарайтын жағдайға жеттік. Алайда оған қарапайым халықты кінәлай алмаймыз. Қара халықтың біреуге көмектесетіндей жағдайы жоқ. Мұнымен мемлекет айналысуы керек.
Ең өкініштісі, сырттан цирк өнерпаздары, әншілер келіп өнер көсретеді. Отандық арналардан концерттерін көрсетеді. Әлем ән айтып, көңіл көтеріп жатады. Осы кезде әлдебір отбасы баласын құтқармақ болып тырысып жүреді. Балаңның көзіне қарап отырып, оның көз жұматынын, оған еш көмек көрсете алмайтыныңды білуден асқан қиындық жоқ шығар. Ал айналаңдағылар ән шырқап жүр.
Біз өмірдегі ең маңызды нәрсенің не екенін қашан түсінер екенбіз. Ән айтуды доғару керек”, – деп жазады Нұртас Адамбай.
Тағы да оқыңыз:
Америкалықтар Димаштың «Сәлем» әніне фан-клип түсірді (видео)
Алпамыс Шәрімов: Димаштың бағы жанды деп айта алмас едім (видео)
Тәуекелдің тағы бір қызбен сүйісіп тұрған суреті пайда болды
Тұңғыш қызын көрсеткен Дәурен Айдарқұлов жұрттың талқысына түсті