Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әмір Маймұратов Азия чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді

Спорттық жартасқа өрмелеуден Париж олимпиадасының қатысушысы Әмір Маймұратов Азия чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҰОК

Қытайдың Тайань қаласында спорттық жартасқа өрмелеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Турнир аясында Қазақстанның екі спортшысы финалға дейін жетіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Отандық жартасқа өрмелеушілер Әмір Маймұратов пен Тамара Ұлжабаева "жылдамдық" бағыты бойынша күміс жүлдеге ие болды. Финалда Әмір қытайлық Пэну Вуден жеңілсе, Ұлжабаева да қытайлық Шисюэ Мэнге есе жіберді.

Айта кетейік, Қытайдағы Азия чемпионатына біздің елден 11 спортшы қатысып жатыр. Бұған дейін Әмір Маймұратовтың Сеулде өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінде күміс жүлде иеленген еді. 

 

 

 

Талқылау