Америкалық қыз калькулятормен ажырасып, тетриспен тұрмыс құрғалы жатыр
Флорида штатының 20 жастағы тұрғыны Нурул Махжабин Хассан өзінің тетрис ойыншығына тұрмысқа шығатынын айтты. Бұл туралы Metro хабарлады.
Хассан өзін Фрактал Тетрис Хуракан деп атағанын қалайды.
Ол тетриспен 2016 жылдан бастап ойнап келеді. Күнінің 12 сағатын соған арнайды. Қыз таңдаған жарына деген сүйіспеншілігін оны әр түрлі бұйым, алқалармен безендіруі арқылы білдіреді.
Бұған дейін қыз Пьер атты калькулятормен тұрмыс құрған. Сонымен қатар, iPod-қа және GPS-навигаторы Garmin-ге деген сезімдерін де мойындады.
Қыз өзін “жыныс объектісімін” деп есептейді.
Басылымның айтуынша, әлемде бұл қыз жалғыз емес. Ол сияқты аспалы шам, темір жол станциясымен үйленген адамдардың болғанын растады.
Тағы оқыңыз:
Шешенстанда полицейді өлтірді деп күдіктелген ер адамның денесі жұрт алдына лақтырылды (видео)
Қазақстандық танымал шаңғышы тікелей эфирде шетелдік журналисті балағаттап жіберді (видео)
Атышулы 91 тобы Оңтүстік Корея астанасында өнер көрсетті (видео)
Әсел Сәдуақасова өзі туралы жаңа фильм түсіріп жатқанын айтты