Америкалық қыз 15 жыл өткен соң өзін зорлаған педофилден кек алды
Бала кезінде педофил құрбанына айналған америкалық қыз 15 жыл өткен соң өзін зорлаған адамнан кек қайтарды.
Бұл туралы The Washington Post хабарлайды.
Есейген соң қыз полиция қызметіне жұмысқа тұрып, 27 жасында өзінің қызметтік мүмкіндігін пайдалана отырып қылмыскердің әрекетін әшкерелейді.
Шын мәнінде ол 47 жастағы азғын туралы жақсы білді. Өйткені ол қыздың жақын туысы болып келетін. Сол адам қызды төрт жыл бойы 8-14 жас аралығында зорлаған. 2014 жылы қыз әлгі қылмыскермен кездесіп, құпия түрде бір жарым сағаттық әңгімесін жазып алады. Ол төсқабына микрофон салып кірген екен. Өз бойындағы психологиялық ауырлыққа қарамастан, ол әлгі адамнан қызды қалай зорлағанын сұрайды.
Осы әрекеттен соң педофилдің қылмысы әшкере болып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Педофил құрбаны болған полиция офицерінің есімін америкалық басылымдар құпия сақтаған.
Талқылау