Америкалықтар асырап алған қазақстандық өз биологиялық ата-анасын іздеп жүр

Қарағанды қаласының тумасы Николас Пикколо өзінің биологиялық ата-анасын іздеп, қазақстандықтардан көмек сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Николастың жұбайы Facebook-тегі Kazakh American Association қауымдастығында жазба жариялады.
Әйелдің айтуынша, Николас 1998 жылы 26 қарашада Қарағандыда дүниеге келген. Туған кезде оған Руслан Умурзаков деген есім берген. Балалығында ол Қарағандыдағы "Малютка" балалар үйінде тәрбиеленген. Отбасының мәліметі бойынша, бұл мекеме "Шапағат" деп те аталған болуы мүмкін, бірақ бұл туралы нақты ақпарат жоқ.
2003 жылы 19 қаңтарда бала асырап алынған және кейін АҚШ-қа қоныс аударған. Жылдар өте Николас өз тегі туралы көбірек білу және биологиялық ата-анасын табу туралы шешім қабылдаған.
Жұбайының айтуынша, отбасының туған күні, туған кездегі есімі, туған жері және асырап алынған күнінен басқа нақты деректері жоқ.
"Бізге біреу көмектесе ала ма, сенімді емеспіз, бірақ егер біреу оның отбасы немесе асырап алынған жағдайлары туралы қандай да бір ақпаратқа ие болса, бізбен байланысуын өтінеміз", – делінген жазбада.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан