"Америкалық туристің жыныс мүшесіне қол жүгірткен": Такси жүргізушісі ұсақ бұзақылық бойынша жазаланды
Коллаж: Stan.kz
Шымкентте америкалық туристке сексуалдық қысым жасады деп айыпталған такси жүргізушісі ұсталып, жазаланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, осыған дейін америкалық турист әйел Хоуп Лаудон Шымкентте такси жүргізушісі өзіне сексуалдық қысым жасағанын мәлімдеген еді. Такси жүргізушісі әйелдің жыныс мүшесіне қол жүгірткен.
Жәбірленуші полицияға шағымданды.
"Далада шатыр тігіп, ұйықтаған": Германиялық саяхатшы қызға Түркістанда азғындық жасамақ болған
Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталып, ұсақ бүзақылық бойынша жауапқа тартылғанын мәлімдеді.
“Такси жүргізушісі ұсақ бұзақылық және жол ережелерін бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдік азаматқа барлық қажетті көмек көрсетілді. Көші-қон қызметі бойынша да қажетті шаралар қабылданды”, – деп хабарлады Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
