Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық әйел шошқаның бүйрегімен ең ұзақ өмір сүрген науқас атанды

АҚШ-тың Алабама штатының тұрғыны Тована Луни шошқаның бүйрегімен ең ұзақ өмір сүрген науқас атанды. Қазір ол осы ағзамен 61 күн өмір сүрді және өзін жақсы сезінетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Associated press басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Associated press

Қазір донорлық органдарды қажет ететін науқастарға шошқаның бүйрегі трансплантацияланып жатыр. Бұған дейін бірнеше адамға шошқа бүйрегі салынған, бірақ олар бірнеше уақыттан соң өліп кетті.

Луни шошқаның ағзасымен ең ұзақ өмір сүрген әйел болып, ғылымға жаңа серпін берді. Ол сап-сау, жаңа бүйрегімен белсенді өмір сүруді жалғастырып жатыр.

Бұған дейін АҚШ-та тек төрт науқасқа осындай ота жасалды: екеуіне шошқа жүрегі, тағы екеуіне бүйрек берілді. Дегенмен олар екі айға жетпей шыдамады. 

Тована Лунидің жағдайын бақылап отырған дәрігерлер оған ешқандай қауіп төніп тұрмағанын байқады. 

Сарапшылардың пікірінше, бұл эксперименттік жағдай трансплантология саласындағы революциялық қадамға айналуы мүмкін. 

Бұған дейін әйелге жақында трансплатанцияланған шошқаның бауырын дәрігерлер алып тастаған еді.

Талқылау