Америкалық әнші Дженнифер Лопеспен сөйлескен қазақ қызы қызу талқыға түсті
Әлеуметтік желіде Абу-Дабиде өткен Дженнифер Лопестің концертінде ерекше жағдай болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеода әнші үзіліс жасап, көрермендермен тілдеседі. Бейтаныс бойжеткенді әңгімеге тартады.
Лопес:
— Сен қайдан келдің? – деп сұрайды.
— Мен Қазақстаннан келдім, – деп жауап береді бойжеткен.
Бұл жауапты естіген Лопес ерекше қуанып:
— Ол Қазақстаннан келген! – деп көпшілікке жариялайды. Содан кейін қыздың есімін сұрайды.
— Бинура!
Алайда, өнер иесі есімді бірнеше рет қайталап көргенімен, оны айтуда біраз қиналады. Дегенмен, бар күшін салып, дұрыс айтып шығады.
“Қазақстаннан, қош келдің! Мен тырыстым, бірақ өте қиын екен. Бинура! Мен сені жақсы көремін! – деп ризашылығын білдірді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"