Қазақстандық АҚШ-тан "күтпеген" сәлемдеме алған: Енді ол жауапкершілікке тартылмақ (видео)
Алматыда полиция қызметкерлері мемлекеттік кіріс департаменті мен поштаның қауіпсіздік қызметі қызметкерлерімен бірігіп шетелден келген есірткі салынған сәлемдемені анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Шетелден келген сәлемдеме 30 жастағы Алматы тұрғынына жіберілген.
“Оған Америка Құрама Штатынан марихуана мен есірткісі бар мармелад салынған сәлемдеме жіберген. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында жасыл түсті, ерекше иісі бар, өсімдік тектес зат салынған 27 қаптама табылды және тәркіленді”, – делінген хабарламада.
Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Жедел іс-шаралар барысында күдіктінің бұл сәлемдемені қандай мақсатпен алғаны және қаланы есірткімен қамтамасыз ету арнасы анықталады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұған дейін Ақтауда бір топ ер адамның қызды көлікке күштеп отырғызып, зорлап, есірткі қолдануға мәжбүрлегені туралы ақпарат тараған еді.
"Қолымнан айырылып қалу алдында тұрмын": МӘМС арқылы уақытылы көмек ала алмаған қазақстандық ота кезегінің ұзаққа созылғанына наразы
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?
Психолог сталкерлердің бастапқыда байқалмайтын белгілерін атады