Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Amazon өз атом электр станциясын салу жоспарын ұсынды

БезосФото: BILD_Russian

Джефф Безос енді ядролық технологияларға басымдық беріп отыр. Интернет-алып Amazon компаниясы өзінің алғашқы атом электр станциясының жобасын таныстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BILD_Russian арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Компания өз серверлері мен жасанды интеллект жүйелерін энергиямен дербес қамтамасыз етуді қарастырады. Вашингтон штатында Cascade Advanced Energy Facility деп аталатын жаңа атом станциясы салынады. Бастапқы кезеңде ол төрт шағын Xe-100 типті реактордан тұрады. Жалпы алғанда, компания кіші модульдік реакторлардың (SMR – Small Modular Reactors) он екісіне дейін орнатуды жоспарлап отыр.

Мини-реакторларды америкалық X-energy компаниясы жасайды. Amazon бұл компанияға 2024 жылдың қазан айында шамамен 500 миллион доллар (2 692 600 000 теңге) инвестиция салған еді. Жобаға басқа да инвесторлар қатысады.

Алғашқы кезеңде реакторлар 320 мегаватт электр энергиясын өндіреді, ал барлық кезең аяқталған соң қуаттылығы 960 мегаваттқа дейін жетеді. Бұл шамамен 3,8 миллион үй шаруашылығын қамтамасыз етуге жеткілікті көлем.

Дегенмен Amazon бұл энергияны ең алдымен өз қажеттіліктері үшін серверлерді, жасанды интеллект жүйелерін және цифрлық құралдарын жұмыс істетуге пайдаланбақ. Сонымен қатар компания көмірқышқыл газының (CO₂) шығарындыларын азайтуды да мақсат етеді.


Алматы облысында екі АЭС, тағы біреуі Батыс Қазақстан облысында салынады


Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке атау беру бойынша конкурс аяқталды


Еске салайық, бұған дейін Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда салынатын болашақ атом электр станциясының қауіпсіздігіне ұлттық органдармен қатар тәуелсіз халықаралық сарапшылар да жауапты болатынын айтты. Қазақстан ядролық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конвенциялар талаптарын орындайды және жобаға МАГАТЭ сарапшыларын тартуды жоспарлап отыр. Агенттік МАГАТЭ-нің бақылау және EPREV миссияларын қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 20 Қазан, 2025 10:19
Талқылау